18.05.2025, 15:49
Оқылды: 196

Теректі ауданы бойынша 5 ауылда сайлау өтіп жатыр

Жалпы Теректі ауданы бойынша бүгін 5 ауылдық округте сайлау өткізілуде. Долин, Приречный, Покатиловка, Аңқаты және Ақжайық ауылдық округтерінің сайлау учаскелері кешкі 20.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетеді.

image-18-05-25-03-39-4

Ауыл тұрғындары сайлау күнін маңызды санап белсенділік танытуда. Олардың қатарында Покатиловка ауылының тұрғындары да бар. Алдағы сағаттарда аталған сайлау учаскелерінің қызметтері туралы ақпараттандыратын боламыз. Әр адам үшін маңызды күн ол өзінің туған күні. Айналасына жақсы адамдарды жинап, мәре-сәре болатын күнді ешкімде қалт жібермес.

image-18-05-25-03-39-5

Покатиловкалық Бағдат Сатқанбайұлы өзінің туған күнімен сәйкес келген сайлау күнінде ұмыт қалдырмай №386 учаскесіне аяқтай келіп, өз таңдауын жасады. Өзіне де, өзгеге де керемет көңіл сыйлаған Бағдатқа ауылдастары ризашылығын білдірді. Әрбір ауылда айналасына көңіл күй сыйлап, көмектесіп жүретін ерекше қасиетке ие адамдар болады. Бірі шеберлігімен ерекшеленсе, енді бірі ауылдастарын қуантып жүреді. Солардың бірі Покатиловка ауылының тұрғыны Азамат Нұрғалиев. Ол бүгін сайлау учаскесіне келіп, тізе бүкпестен қызмет жасап жатқан комиссия мүшелеріне гүл шоқтарын таратып керемет көңіл-күй сыйлап кетті. №386 сайлау учаскесіне ауыл тұрғындары ағылып келуде. Халыққа қызмет көрсетіп жатқан комиссия мүшелерінің де көңіл күйлері ойдағыдай.

image-18-05-25-03-39

Әр адам өзінің таңдауын жасайтын күн болғандықтан жауапкершілікте жоқ емес. Мәдениет үйінің алды мереке күнге ұқсайды. Қазақы әуендер шырқалып, кәуаптың түтіні бұрқырап, халықты одан сайын қызықтыра түсуде. Болашақ әкімін таңдау жолында покатиловкалықтар аянып қалмас.

Темірболат Тоқмамбетов,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале