Бұл жолы «Qazaq village» жобасында Жаңақала ауданы. Мұқыр ауылының құмы – құдды бір Дубайдағы сафари әлемі сияқты.

Табиғаттың бұл тылсым көрінісі туған жердің де таңдай қақтырар сұлулығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Одан кейін жолымыз Жылтыркөл мен Соркөлге түсті – әр көлі өзінше ерекше, әр тамшысы тарихтан сыр шерткендей.
Ал Жаңақала – тек табиғатымен емес, өнерімен де бай.

«Күйдің астанасы» деген атауға лайық екенін көрдік.
Туған жердің әр бұрышы – қазына. Жаңақала – соның жарқын бір дәлелі.
zhaikpress.kz
Фотоға түсірген Мейірбек Тажқұранов
