Қазір «Төмен пайызбен зейнетақы жинағын алып береміз» сынды хабарлама жазып, жарнамалайтындар көбейген.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ тұрғындарды қырағы болуға шақырып, дербес деректеріңізді мұқият қорғау қажеттілігі туралы ескертеді.
Интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Ондай кезде қаскүнемдер өздерін мемлекеттік органдардың немесе қаржы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуге тырысады.
Назар аударыңыз:
- «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері телефон арқылы қоңырау шалмайды.
- ЖСН, жеке куәлік нөмірі;
- банктік карталар немесе шоттар туралы мәліметтер;
- SMS растау кодтары;
- Қолданбалар мен басқа қызметтердің құпия сөздері туралы мәлімет беруіңізді өтінбейді.
- «БЖЗҚ» АҚ телефон арқылы ықтимал күдікті әрекеттер немесе «қаражатты бұғаттау» туралы хабардар етпейді.
- Кез келген ресми ақпарат салымшының жеке кабинеті, Қордың ресми сайты арқылы немесе салымшы «БЖЗҚ» АҚ филиалына жеке өтініш жасаған кезде беріледі.
Өзіңізді қалай қорғауға болады:
· Өздері «БЖЗҚ» АҚ немесе мемлекеттік құрылымдардың қызметкері ретінде таныстырса да, құпия деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.
· Түскен ақпараттың дұрыстығын ресми дереккөздер (www.enpf.kz сайты, 1418 байланыс орталығы) арқылы тексеріңіз.
· Күмәнді қоңыраулар жасалып, хабарламалар алған жағдайда — қарым-қатынасты дереу тоқтатып, алаяқтық әрекет туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
zhaikpress.kz