24.05.2025, 15:30
Оқылды: 135

Жәнібек ауданында алғаш рет ерекше спорт түрінен чемпионат өтіп жатыр

Бүгін Жәнібек ауданында алғаш рет заманауи, ерекше әрі өте қызықты спорт түрі – текбол ойынынан жекелей түрде ерлер арасында аудан чемпионаты өтуде. Футбол мен үстел теннисі элементтерін біріктіретін қызықты спорттық ойын. Ол ойыншының ептілігін, дәлдігін, ойлау қабілетін дамытады. Мұнда әдеттегі футбол добы, арнайы әзірленген текборд үстелінде қалықтайтын болады.

image-24-05-25-12-25-3

Текболдан ерлер арасындағы Жәнібек ауданының чемпионатының ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрболат Садырбаев құттықтау сөзін сөйлеп, ерекше спорттық ойынның ауданымызда бастау алып жатқандығына қуанышты екендігін жеткізіп, спортшыларға сәттілік тіледі.

image-24-05-25-12-25-2
Осы орайда ауданымыздың 2000 жылғы түлектері спорт кешеніне осы текбол үстелін сыйға тартып жатқандығын еске сала кетейік.
Нұрболат Мұхтарұлы өз сөзінде аудан игілігіне жасаған игі істері үшін мектеп бітіргендеріне 25 жыл болған түлектерге алғыс айтып, алдыңғы буын өкілдеріне ризашылығын жеткізді.
Өз кезегінде 2000-ыншы жылғы түлектердің атынан сөз сөйлеген Меркурий Жанұзақұлы ауданның қай саласына болмасын барынша қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізді.

image-24-05-25-12-25
Айта кетейік, дәл осы жылдың түлектері өткен айда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қорына 300 кітап сыйлаған болатын.

image-24-05-25-12-25-1

Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале