Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен БҚО мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына Әлібек Сайынұлы Антазиев тағайындалды.

Әлібек Сайынұлы Антазиев 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін “Аудармашы”, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін “Құрылысшы” мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
* Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жоспарлау шарт бөлімінің бас маманы,
* Орал қаласының құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі,
* Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің басшысы,
* Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы
•Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқарма басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.
Тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы қызметінде болды.