27.05.2025, 16:45
Оқылды: 370

Диқандарға – 2,6 млрд теңге

Биыл  көктемгі  далалық  жұмыстарды  жүргізуге  8,4  мың  тонна  дизель  отыны  бөлінеді.  Кестеге  сәйкес  4,5  мың  тонна  (53,6%)  Атырау  мұнай  өңдеу  зауытынан  алынды.  Тасымалдаушы  оператор  – «Petro  Retail»  ЖШС,  Орал  қаласындағы  мұнай  базаларынан  жіберілетін  отын  литрінің  бағасы  –  254  теңге.

Халиуллин

Жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы – 613 мың гектар. Соның ішінде дәнді дақылдар – 291 мың га (оның 92 мың гектары – күздік дәнді дақылдар), майлы дақылдар – 119 мың га, картоп, көкөніс-бақша дақылдары – 4,2 мың га, мал азықтық дақылдар – 199 мың га. Көктемгі егіске қажетті тұқымдар мен техникалар толық дайындалды, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  өткен  брифингте.

Бүгінде 462 мың га алқапта ылғал толықтай жабылып, 167 мың гектар жерге  культивациялау жүргізілген. 171 мың гектарға жаздық дақылдар егілген. Соның ішінде 101 мың гектары – дәнді дақылдар, 51 мың га – майлы және 19 мың га – мал азықтық дақылдар. Ал 660 гектарға картоп, көкөніс-бақша дақылдары отырғызылыпты. Басқарма басшысы мәлім еткендей, науқан барысында диқандардың игілігі үшін өсімдік шаруашылығын субсидиялау мен қызметтер көрсетуге жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінген. Бұдан бөлек, көктемгі дала және егін ору жұмыстарын несиелеуге облысқа 22,0 млрд теңге бөлініпті. Яғни «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 19,0 млрд теңге («Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша 16,0 млрд теңге, «Кең дала» арқылы 3,0 млрд теңге), «AQJAIYQ» ӘКК» АҚ-дан 3 млрд теңге. Бүгінде шаруаларға 5%-бен 7,2 млрд теңге несие берілген. Бұдан басқа 2,1 млрд теңгеге жуық несиенің өтінімдері қаралуда. Өтінімдер әлі де қабылданып жатыр. Шаруалар «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жалпы сомасы 4,9 млрд теңгеге 529 бірлік техниканы лизингке алған. Ал бөлінген қаражат – 12,5 млрд теңге.

Айна Имашева,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале