31.05.2025, 11:00
Оқылды: 137

Бәйтерек ауданында мәслихаттың кезекті 22 сессиясы өтті

Бәйтерек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 22 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Марат Тоқжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім және  мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллин өткізді.

IMG_20250530_195809_565

Күн тәртібінде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі туралы, 2024 жылғы аудан және ауылдық округтер бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту және басқа да мәселелер қаралды.

Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Туксумбаев баяндамасында ауданда жүзеге асырылған құрылыс және әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде хабарлады.

2024 жылы аудандық және жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген қаражат есебінен әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылған. Олардың қатарында Щапов, Макаров, Көшім ауылдарында ауылдық клубтың құрылысы, Чировта кіші Быковка өзеніне бөгет салу, Железнов, Махамбет, Январцев ауылдарында мал қорымы құрылысы, Мичурин ауылдық округінің Зеленое ауылында газбен жабдықтау желілерінің құрылысы және 10 кВ кернеулі “Пригородная” қосалқы станциясындағы №12 ұяшық пен 35/10 кВ қуатты электр желілерін қайта құру жұмыстары бар.

Тұрғын үймен қамту бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына арнап 1 026 022 мың теңгеге 54 үй сатып алынды. Әлеуметтік қолдау шаралары шеңберінде өткен жылы 458 097,4 мың теңге бюджеттік кредит 60 маманға тұрғын үй сатып алуға 36 920,0 мың теңге 100 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге бағытталған.

IMG_20250530_195753_784

Ал аудандық мәслихат депутаты Думан Шанов Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебін баяндады.

Комиссия жұмысының маңызды бір бағыты – азаматтардың өтініштерімен жұмыс. Түсетін өтініштер түрлі сипатта болғанымен, олардың көпшілігі мәслихаттың құзыретіне енетін мәселелерге қатысты. Мұндай жағдайларда өтініштер тиісті ұйымдарға жолданып, әрқайсысына қолданыстағы заңнамаға сай жауап беріледі. 2024 жылы комиссия 6 отырыс өткізіп, 44 мәселе қарастырды. Қаралған маңызды мәселелер қатарында 2024-2026 және 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет жобалары, сайлау комиссияларының құрамдары мен өзгерістер, жайылымдарды басқару жоспары, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару бағдарламасы, қоқыс шығару тарифтері, 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелері, әкімдік жанындағы ведомствоаралық және салалық комиссиялардың құрамы мен «Бәйтерек ауданының құрметті азаматы» атағын беру және тағы басқа маңызды шешімдер болды. Комиссияның жұмысында Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» заңдары мен Бюджет кодексі басшылыққа алынған.

Сессияда қаралған 30 мәселеге қатысты, тиісті шешім қабылданды.

Гүлжаз Баделова
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале