Кеше Халықаралық балалар күніне орай «Демалыс орталығы» МКҚК-ны балалар бөлімі «Балғын балалық шаққа саяхат» атты мерекелік шара өтті.

«Бала көңілдің гүлі, көздің нұры» дегендей еліміздің ертеңгі болашағы ата-ананың көз қуанышы, зор үміті – ол біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз. Балаларды мерекемен құттықтаған Сырым ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов те осыны айтты.
Сырым ауданы әкімінің орынбасары аудан бойынша жұмысшы мамандардың балаларына аудан әкімінің қаржылай 30 000 теңге сертификатын табыс етті. «Жұмысшы мамандықтар жылы» жай сөз емес, осындай шынайы істердің себепкері болуы тиіс.
Орталық сахнада Орал қаласынан арнайы келген «Балаларға базарлық» аниматорлар орталығы өз бағдарламасын ұсынды. Қызықты ойындар ойналып, өнерпаз бүлдіршіндеріміздің тамаша билері мен әндері мерекені аша түсті.
Айгерім Еслямова
«Демалыс орталығы» МКҚК балалар бөлімінің әдіскері