Бүгін С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында жергілікті көркемөнерпаздардың қатысуымен «Махаббат қалашығы» атты драма көрермен назарына ұсынылды. Шығармада шынайы сезім, адами құндылықтар мен өмірлік таңдау туралы ой қозғалды.

Қойылымның әрбір сәті тебіреніске толы болды. Сахнадан өрбіген қойылымда адамдардың арасындағы сенім, таңдау мен жауапкершілік, адамның бойындағы ар-намыс туралы философиялық ойлар, сонымен қатар достық пен отбасы арасындағы сатқындық шебер суреттелген.

Әсіресе басты рөлдегі қыз бен жігіттің арасындағы махаббат үшін күресі көрерменнің жүрегінен ерекше орын алды.

Қойылым соңында махаббатты ғана емес, өмірдің сан түрлі оқиғаларын, адами қадір-қасиетті тереңінен көрсете білген тағылымды туындыға көрермендер қошемет білдіріп, шығармашылық ұжымға ризашылықтарын білдірді.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы