10.06.2025, 13:00
Оқылды: 112

Қазақстанның ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылды

Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежайлар мен қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында айтылды. 

c9194d5c-7f69-4b5a-8d95-77c3a3f02935 Сурет: telegram.org

Туризм және спорт министрінің айтуынша заңсыз такси қызметтері – кең таралған мәселе. Халықаралық әуежайларда QR-код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды сим-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек.

18a4b58b-8a21-4980-997f-35b0def4e661

Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуы қажет. Сондай-ақ ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынасы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале