Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілерге арналған жиын өтті. Жиынның мақсаты — мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама мен Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Іс-шараны ауданның Әдеп жөніндегі уәкілі Айдар Қаресов жүргізіп, оған облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайруллина, аудандық басқарма және бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдерінің мамандары қатысты.
Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, мінез-құлық стандарттары, азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті және қызмет бабында туындайтын әдептік мәселелер талқыланды. Жиын барысында қатысушыларға практикалық мысалдар келтіріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бейнебаян көрсетіліп, қатысушыларды толғандырып жүрген сұрақтар мен ойлар ортаға салынып, талқыланды. Пікір алмасу кезінде мемлекеттік қызметтегі әдептілік, қызметтік мәдениет пен жауапкершілікке қатысты мәселелер кеңінен сөз болды.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы