19.06.2025, 9:15
Оқылды: 328

Жәнібек аудандық мансап орталығында жаңа басшы

Жәнібек ауданына БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» басшысының орынбасары Айнұр Қазмұқанова ауданға келіп, мансап орталығының жаңа басшысын ұжымға таныстырды.

image-18-06-25-04-55 (1)

​Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильді орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры С.Баймұқановтың 2025 жылдың 16 маусымдағы №226 бұйрығына сай Жәнібек аудандық мансап орталығының директоры болып Зухра Давлетчина тағайындалды.

​Жаңа тағайындауға қатысқан Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов Зухра Хабдонқалиқызының жұмысына сәттілік тіледі.

​Зухра Давлетчина 1988 жылы Жәнібек ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Т.Жароков атындағы орта мектебін бітіріп, сол жылы Орал қаласындағы «Еуразия» академиясына оқуға түсіп, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту орталығының бас маманы болып бастаған. 2023 жылдан күні бүгінге дейін «Жәнібек ауданының мансап орталығы» филиалының атаулы әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту бойынша бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келді.

​Тұрмыс құрған, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале