19.06.2025, 21:00
Оқылды: 108

Жаңақалада мектеп үздіктері марапатталды

Бүгін Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан көлемінде «Алтын белгі» мен ерекше аттестат иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Білім бәйгесінде оза шауып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан мектеп үздіктеріне арналған салтанатты жиында ата-аналары мен ұстаздары да төбе көрсетіп, зор құрметке кенелді.

image-19-06-25-06-51-3

Тақырыпқа сай көркем безендірілген әсем шарада қызыл кілеммен жүріп өткен түлектер алдымен дәстүрлі мектеп вальсін билеп, орындарына жайғасты. Кейін аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы түлектерге ақ жол тілеп, марапаттау рәсіміне кезек берді. Айта кетелік, ауданымыз бойынша білім сынынан сүрінбей өткен 9 түлек «Алтын белгі», 26 оқушы ерекше аттестат иесі атанды.

image-19-06-25-06-51
Мектеп түлектерінің ата-аналары атынан сөз алған ұстаз Альфина Хамидоллақызыақжарма лебізін жолдап, өмір жолдарының жарқын болуларын тілесе, оқу үздіктері атынан Диляра Ерсінқызы саналарына сауаттылық сәулесін түсіріп, көкейлеріне тәрбие дарытқан білім ордасына, ұстаздарына алғысын жеткізді. Сондай-ақ мектеп ұжымы сазды бағдарламаларын арнап, құшақтары гүлге толып, кеуделерін қуаныш кернеген әртүлекке ерекше есте қалар сәт сыйлап, көңілдерін марқайтты.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале