22.06.2025, 16:00
Оқылды: 385

«Асыл ана — 2025» байқауынан ақпәтерлік Перизат Ермекбаева жүлделі орын иеленді

Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан — ана екенін дәлелдеуге тырысқан Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен мәдени-демалыс орталығы Белес ауылдық клубы және «Шың» сазды драма театрының ұйымдастыруымен «Асыл Ана-2025» облыстық көпбалалы аналар байқауы өтті.

photo-output
Көпбалалы аналардың балалармен қарым-қатынасын насихаттап, олардың бойына бауырмалдық, туыстық, сыйластық сияқты жақсы қаиеттер мен тұлға болып қалыптасуға ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолында өткен бұл байқауға өмір тәрбиесін кеңінен меңгерген сегіз келін қатысып, өз біліктіктерін паш етті.
Тәрбиелік мәнге толы айтулы шараға Казталов ауданы атынан қатысып, абырой биігінен табылған ақпәтерлік Хасановтар отбасының келіні Перизат Ермекбаева жүлделі ІІ орынға ие болды.
Өз өнерін облыстық дәрежеде көрсетіп, сайыс қорытындысында жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлаған Перизат келінімізге «Жеңісің құтты болсын! Өнер биігіндегі табысың еселене берсін» деген ақжарма тілегімізді білдіреміз.

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале