24.06.2025, 15:30
Оқылды: 459

Ақсайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өтті

Жақында Ақсай қаласының Ғ.Жәңгіров атындағы саябағында «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» атты шара өтті. Аталған шара БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындауға және қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне негізделген.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ (2)

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров және аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Тоғжанов қатысты.

- Мемлекет басшысы заң мен тәртіп орнаған қоғамда әрбір азамат өзін қауіпсіздікте сезінетінін, бұл мемлекеттік институттарға деген сенімнің артуына әкелетіндігін атап өткен болатын. Заң мен тәртіп жалпыға ортақ міндет. Яғни, әрбір азамат заңға қайшы келген әрекетке төзбеушілік танытқанда ғана қоғам алға жылжиды. Азаматтар да өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға жүгіну мүмкіндігі болуы маңызды. Өйткені тек осылай ғана қоғамда заңдылық орнап, әділдік қамтамасыз етіледі. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын ілгерілету айтылған. Бұл тұрғыда тиісті мәдениетті қалыптастыру елеулі рөл атқарады. Ақсай қаласында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған көпшілік шара ұйымдастырылып отыр, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Бәделханұлы.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ (1)

Аталған шараға орай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі саябақта «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында аудандық «Адал бала – адал азамат» атты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы балалар сурет байқауы ұйымдастырылды. Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров және аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Тоғжановтың грамотасымен марапатталды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале