25.06.2025, 17:40
Оқылды: 403

Орал қаласында «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты жал сайынғы форумы өтті

2025 жылғы 25 маусымда Орал қаласында «Заң және тәртіп» нарративі аясында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жыл сайын ұйымдастыратын «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті. Іс-шараның мақсаты — өзекті қаржылық қауіп-қатерлерге қоғам назарын аудару және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру.

dd391810-6f39-402e-a1ff-caded995e7b0

Батыс Қазақстан облысында форум Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен Батыс Қазақстан облысының Әкімдігі, Прокуратурасы және Полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Форумды Орал қаласының әкімі салтанатты түрде ашып, құттықтау сөзінде цифрлық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында қаржылық тәуекелдердің өсуіне байланысты мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мен ақпараттық-ағартушылық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Форум бағдарламасы үш тақырыптық сессияны қамтыды, онда заманауи қаржылық қауіптерге байланысты маңызды мәселелер талқыланды:

  • қаржы пирамидаларының таралуы және оларға қарсы күрес тәсілдері;
  • алаяқтық схемаларда жеке деректерді (дроптарды) заңсыз пайдалану;
  • интернет-алаяқтықтың өсуі және оған қарсы тиімді іс-қимыл жолдары.

00e410d3-8b50-47ad-ad81-81eafdbad6da

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, банк саласының өкілдері, сондай-ақ студенттер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Форум спикерлері қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған практикалық тәжірибе мен бастамаларымен бөлісті.

Форум тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықты нығайтуға және қоғамның қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірлескен шараларды әзірлеуге тиімді алаң болды.

А.Болграбская,

БҚО бойынша ЭТД басқармасы басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале