26.06.2025, 9:30
Оқылды: 250

Жаңақала ауданы: Заң мен тәртіп – басты назарда

Жаңақала ауданында  «Заң мен тәртіп» апталығы аясында Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Құстановтың қатысуымен көшпелі азаматтарды қабылдау өтті.
image-25-06-25-05-05-1
Іс-шараға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудан прокуроры Қанабіл Төремұратов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Қайрат Хасенов қатысты.
Ауыл тұрғындары тұрғын үймен қамту, мүгедектік алу заңдылығы, қоғамдық тәртіп және жеке мәселелер бойынша өтініштерін білдірді. Азамат Борамбайұлы әр азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, өз құзыреті шеңберінде түсіндіріп, аудан басшысы мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
image-25-06-25-05-05-3
Тікелей диалог форматында өткен қабылдау халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың сұрақтарына нақты әрі жедел жауап алуына мүмкіндік берді.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале