2.07.2025, 12:15
Оқылды: 111

Жазғы кезеңде 11 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

Шілде және тамыз айларында еліміз бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған курстар жалғасады. Осы кезеңде 11 мыңнан астам педагог білім алады деп жоспарлануда, - деп жазады Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды. 

_gluster_2025_7_2_a7f4c9342c4ed9d8863ee113fd1bdb45_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Бағдарламалар бастауыш сынып мұғалімдерінен бастап қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндер педагогтеріне дейін қамтиды. Тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық сауаттылық бойынша курстарды таңдады.

Жыл басынан бері мұндай курстардан 31 мыңнан астам мұғалім өтті. Атап айтқанда, ауыл мектептерінің педагогтері белсенділік танытып, олардың үлесі жалпы санның 56 %-ын құрады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале