2.07.2025, 17:15
Оқылды: 173

БҚО-да алаяқтарға жәрдемдескен екі тұрғыннан 1,5 млн астам теңге өндірілді

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық сотында талап қоюшы К-ның жауапкерлер Г. мен С-дан негізсіз баю сомасын өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды, - деп жазады kaz.inform.kz

Judge’s gavel and scale on the shining wooden brown table and the brown background.

Фото: istockphoto.com

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, талапкер интернет-алаяқтарға тап болған. Содан кейін Г-ның банктік есепшотына 719 мың, С-ның есепшотына 815 мың теңге аударған.

Жауапкерлердің банктік есепшоттары өздерінің келісімімен ашылған. Г. талап арызбен келіскен жоқ, ал С. толығымен мойындады.

— Тараптар арасында келісім-шарттық немесе басқалай ақша аударымын жасауға негіздер болмаған. Жауапкерлердің сөзіне қарағанда, екеуі болмашы мөлшерде ақша табу мақсатында интернет желісі арқылы белгісіз адамдардың ұсынуымен оларға банктік есепшоттары туралы, жеке бас мәліметтерін, телефондарына келген құпия сөздерді берген. Жаңақала аудандық сотының шешімімен талапкердің талабы қанағаттандырылып, Г-дан 719 мың теңге, С-дан 815 мың теңге негізсіз баю сомалары және сот шығындары өндірілді. Шешім заңды күшіне енді, — деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале