4.07.2025, 12:30
Оқылды: 160

Өзін пошта қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтарды қалай тануға болады?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазпошта» АҚ-тың атын пайдалана отырып жасалатын алаяқтық жағдайлары туралы ескертеді.

_gluster_2025_7_3_c12f88a1928a70898e7ce2a4bdcd2ddd_1280x720

Алаяқтық схемасына мынадай әрекеттер кіреді:

  1. Азамат «Қазпошта»-дан хат немесе сәлемдеме жеткізу туралы ақпараты бар SMS-хабарлама алады.
  2. Осыдан кейін абоненттің WhatsApp мессенджеріне «Қазпошта»-дан қоңырау шалынады.
  3. Мекенжайды нақтылау немесе жеткізуді растау керек деген сылтаумен азаматтардан SMS-ке келген кодты айтуды сұрайды.
  4. Кодқа қол жеткізген соң шабуылдаушылар оны жеке деректерді алу немесе жәбірленушінің атына онлайн кредит ресімдеу мақсатында қосымшаларға немесе қызметтерге кіру үшін пайдаланады.

Өзіңізді қалай қорғауға болады:

Қоңырау шалушы ресми ұйымның қызметкері болып көрінсе де, SMS-пен келген растау кодтарын ешқашан бермеңіз. Белгісіз адамдар жіберген хабарламалар бойынша сілтемелерге өтпеңіз. Телефон арқылы дербес деректерді, банк картасының нөмірін және CVV-кодты бермеңіз. Сонымен қатар, мессенджерлер арқылы бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларға сақ болыңыз.

Барлық ақпаратты ресми арналар – сайт немесе мобильдік қосымша арқылы екі рет тексеру қажет. Алаяқтық белгілері анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну керек. Алаяқтық кредиттерді ресімдеуден қорғану үшін eGov.kz порталында немесе eGov mobile мобильдік қосымшасында банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу ұсынылады. Бас тартуды азамат кез келген уақытта сол ресми ресурстар арқылы алып тастай алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале