Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді екі есеге көбейту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда шаруаларға жеңілдікпен кредит беру бойынша екі бағдарламаны іске қосу жоспарлануда, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Олар мал шаруашылығын дамытуды қолдауға және кәсіпорынды айналым қаражатымен қамтамасыз етуге арналған. Қаржыландырудың жалпы көлемі 100 млрд теңгені құрайды.
Бірінші бағдарлама ірі қара мен ұсақ малдың асыл тұқымды мал басын сатып алуға 50 млрд теңге бөлуді көздейді. Шаруалар жылдық 5%-бен “ұзақмерзімді” несие ала алады. Тағы 50 млрд теңге ағымдағы қаржыландыру тетіктеріне ұқсас, жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын айналым қаражатын кредиттеуге бағытталатын болады.