9.07.2025, 11:30
Оқылды: 115

Жаңа Су кодексі – заманауи басқару құралы

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында су инфрақұрылымын толыққанды жаңарту қажеттігін ерекше атап өтті. 2025 жылғы 9 сәуірде Мемлекет басшысы су үнемдеу тетіктерін енгізуге және су нысандарын қорғауға, азаматтар мен экономиканы су тапшылығы мен су объектілерінің ластануынан қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексіне қол қойды.

cb2a7cad-ac66-4a3e-88cf-a3edd8ee551c

2025 жылғы маусымынан бастап құжат ресми түрде күшіне еніп, суды реттеу саласындағы жаңа тәсілдерге көшуді белгіледі. Жаңа кодекс су тасқынына қарсы іс-шараларды қоса алғанда, судың зиянды әсерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды, су ресурстарын басқару тәсілдерін қайта қарауды, мемлекеттік реттеуді қатаңдатуды және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды көздейді.

Соңғы жылдардағы оқиғалар, оның ішінде өткен жылғы ауқымды су тасқыны су ресурстарын басқару жүйесін реформалаудың маңыздылығын тағы да дәледеді.

Осы тұрғыдан алғанда, Кодекс жобасына бес негізгі қағида енгізілді. Біріншісі – судың қоршаған ортаның ажырамас бөлігі ретіндегі рөлін, халықтың тіршілік әрекеті мен экономикалық дамуының негізін күшейту. Екіншісі – оларды пайдалану кезінде су ресурстарының экономикалық құндылығы. Үшіншісі – жер үсті және жер асты су ресурстарын кешенді пайдалану. Төртіншісі – суды тиімді әрі ұтымды түрде үнемдеу. Бесінші – су қорын пайдалану және қорғау жөніндегі міндеттерді шешуге жұртшылықты тарту.

Жаңа кодекс су ресурстарын басқарудың интеграцияланған бас жоспары мен бассейндік жоспарын әзірлеуді қарастырады. Ықтимал қауіпті гидротехникалық құрылыстар үшін көп факторлы тексеру жүргізу және қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу жөніндегі міндеттемелер көзделеді, олардың тізілімін жүргізу мәселелері жүйелендірілді.

Заңнамалық деңгейде су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік талаптары күшейтіледі. Егер су үнемдеу жоспарлары орындалмаса, су ресурстарын басқару органдары жедел ден қою шараларын қабылдай алатын қадағалау функциялары енгізілді.

Судың «қара» нарығымен күресу үшін су нысандарында, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға белгіленген тыйымдардың сақталуына және өз бетінше су пайдалануға жол бермеу үшін бақылау күшейтілді. Осы тұрғыда Премьер-министр жергілікті жерлерде мониторингті жандандыруды, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қоюды және суару реттілігінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығындағы өнімсіз шығындарды азайту арқылы тиімділікті арттыруға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, ирригациялық кондоминиум құру тәртібі белгіленді, онда ол болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдарға шаруашылықішілік жүйелерге қызмет көрсету үшін кәсіпорындар құру жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің су пайдалануды жоспарлау, бөлінбейтін меншікті бірлесіп пайдалану жөніндегі міндеттері регламенттелген. Тәуекелдердің алдын алу үшін су секторын климаттың өзгеруіне бейімдеу шаралары анықталды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында спутник деректері мен су тапшы аймақтардың интерактивті карталарын қолдана отырып, суды пайдаланудың цифрлық мониторингін енгізу міндеті қойылды. Бұл шараларды СРИМ қазірдің өзінде жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ұлттық ақпараттық жүйені құру көзделген.

Сонымен қатар су шаруашылығы құрылыстарын толыққанды есепке алу, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалау, баламалы су көздерін пайдалану, арнайы су пайдалануға рұқсат алмай, 2 млн м3 дейінгі көлемде еріген қар суын суару үшін жинақтау және одан әрі пайдалану, су нысандарының мониторингі жөніндегі нормалар нақтыланды.

Құжат сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, нөсер және дренаждық ағындарды реттеу, иесіз жүйелерді коммуналдық меншікке беру жөніндегі нормаларды қамтиды. Сондай-ақ онда өнеркәсіп қажеттіліктері үшін ауыз судың орнына техникалық суды пайдалану, қызметтерді уақытша тоқтатуды реттеу және техникалық аудит негізінде сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жоспарлы жаңарту жөніндегі шаралар көзделген.
f0833772-f94e-463c-8f3d-301066b39273
Жер асты суларын іздеуді, бағалауды, мониторингті және қорғауды реттеуге қатысты нормалар күшейтілді. СРИМ құрамында бұл мәселелермен Ұлттық гидрологиялық қызмет айналысатын болады.

Су ресурстарын басқару жөніндегі шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы кеңейтілді.

Бассейндік кеңестер бұдан былай су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін қысқарту тәртібі, су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар, жергілікті атқарушы органдардың оларға жүктелген функцияларды іске асыру кезінде жіберген бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ұсынымдар енгізетін болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале