14.07.2025, 13:00
Оқылды: 79

Қазақстанның ресурстық тұрақтылығы: болашаққа нық қадам

Қазақстан – табиғи ресурстарға бай ел болып қала береді. Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі мынадай:

_gluster_2025_7_14_2070d44c79ccfa3a15ec926b1371e368_1280x720

Алтын — 30 жыл

Мыс — 38 жыл

Қорғасын — 156 жыл

Темір кендері — 957 жыл

Көмір — 350 жыл

Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады.

Бұл – қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз.

Ресурстық база тұрақтылығы – инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале