17.07.2025, 15:00
Оқылды: 392

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында бірнеше маңызды мәселелер, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама мен қызметтік әдеп талаптарының сақталуы, мониторингтеу және бақылау қызметінің нәтижелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігі қаралды.

WhatsApp Image 2025-07-17 at 9.40.48 AM

Осыйлайша, Батыс Қазақстан облысының әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайруллина баяндама жасады. Ол 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жергілікті атқарушы органдарда әдеп нормаларын сақтау бойынша қабылданған шаралар мен орын алған жекелеген оқиғалар жөнінде баяндады. Кеңеспен бұл бағытта атқарылған жұмыстардың қоғамдық сенімді арттыруға бағытталған қосымша шаралар алу қажеттігі атап өтілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру және олардың сапасын бақылау бойынша 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындыларымен Департаменттің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Бауыржан Ибрашев таныстырды. Ол кейбір аудандарда электронды қызметтердің көрсетілу үлесі төмен екенін және бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Кеңеспен Департаментпен 2025 жылғы 2-ші тоқсанда жүргізілген тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар мен жоспарлар талқыланды.

Келесі, 2025 жылдың І-жартыжылдығы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметшілерінің әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайлары да қаралды. Бұл кезеңде бірқатар қызметкерлер заң талаптарын сақтамағаны үшін жауапқа тартылған. Негізгі бұзушылықтар жол жүру ережелерін бұзу, мемлекеттік сатып алу заңнамасы салаларында орын алған.

Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің еңбек демалысын беру мен іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталу мәселесіне жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды.

Өз кезегінде, Департаментпен талдау шеңберінде тиісті іссапар шығыстары негізсіз төленбей қалған 41 мемлекеттік қызметшіге іссапар шығындары төленуі қамтамасыз етілді.

Соған қоса, қызметтік әдеп талаптарын сақтамау фактілері бойынша Ақжайық, Жаңақала, Теректі аудандары әкімдіктері және Орал қалалық агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік аумақтық инспекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс материал қаралып, Кеңеспен тиісті тәртіптік жазаны қолдану туралы шешім қабылданды.

Бұл ретте, өңірлік Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мұрат Байсалов: «Мемлекеттік қызметтің абыройы – әрбір қызметкердің әдебі мен заңға деген құрметінен басталады. Біз тек нақты бұзушылықтарды қараумен шектелмей, оның алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Бұл – қоғамның сенімін арттырудың басты кепілі», - деп айтты.

Қорытындысында, Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтау, әкімшілік заңбұзушылықтарды азайту және халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың жүйелілігін атап өтті.

Кеңес жұмысы мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале