18.07.2025, 21:00
Оқылды: 154

ChatGPT адамның сөйлеу тіліне әсер ете бастады — зерттеу

Халықаралық мамандар тобы arXiv платформасында ChatGPT кең тарала бастағаннан кейін адамдардың тілі қалай өзгергенін көрсететін зерттеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі habr.com-ға сілтеме жасап.

щшг
 Сурет: baq.kz

Алдымен зерттеушілер адамдар жазған 50 мың ағылшын тіліндегі мәтінді іріктеп алған. Бұл мәтіндер түрлі дереккөздерден алынды. arXiv-те жарияланған ғылыми мақалалардан бастап, Huffington Post жаңалықтарына дейін. Бұл мәтіндерді ChatGPT-тің бірнеше нұсқасы қайта жазып шыққан.

Кейін зерттеушілер тірі авторлар мен жасанды интеллект жиі қолданатын сөздерді салыстырып, жиі кездесетін сөздерді іріктеп алды.

Нәтижесінде 24 “ЖИ-сөзден” (AI-words) тұратын тізім жасалды.

Олардың қатарында delve (терең зерттеу), comprehend (түсіну), boast (мақтану), swift (жылдам), meticulous (ұқыпты) сияқты сөздер бар.

Кейін зерттеушілер 360 мың академиялық YouTube-видеоны және түрлі тақырыпты қамтитын 771 мың подкаст эпизодын талдады.

Бұл жазбалар ChatGPT-3.5 шыққанға дейінгі 4 жылды (2022 жылдың қарашасына дейін) және одан кейінгі 18 айды қамтиды.

WhisperX құралымен аудиожазбалар мәтінге айналдырылып, “ЖИ-сөздердің” жиілігі салыстырылды.

Талдау барысында, негізінен, екі немесе одан да көп спикер қатысқан диалогтар қаралды. Бұл жасанды интеллект жазған сценарийлерді ескермеу үшін жасалды.

Талдау нәтижесі ChatGPT-3.5 шыққаннан кейін аталған сөздердің қолданылуы күрт артқанын көрсетті. Жылына 25-50% өсім байқалған.

Қызығы, бұл процесс екі кезеңмен жүрді: алдымен “ЖИ-сөздер” академиялық ортада танымал бола бастады. Кейін жаппай аудиторияға жетті. Бірақ бұл жерде де біркелкілік болмаған: сөздер ғылым мен технология, білім беру мен бизнес салаларында жиі қолданылса, дін мен спортта ондай өсім байқалмаған.

Еске салайық, бұған дейін жасанды интеллект арқылы үй жануарларымен "сөйлесу" мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале