22.07.2025, 12:15
Оқылды: 421

Оралда полиция қызметкерлері азаматшаны өлім аузынан аман алып қалды

2025 жылғы 18 шілде күні таңғы сағат 07:00 шамасында Орал қаласындағы Мұрат Мөңкеұлы көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында, БҚО Полиция департаментінің Қоғамдық тәртіпті сақтау және арнайы даярлық базасында кәсіби даярлықты арттыру курстарынан өтуге қызметке бара жатырған полиция қызметкерлері жасы шамамен 20–25 аралығындағы белгісіз әйел адамның ес-түссіз күйде жатқанын байқайды, - деп жазады policebqo.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

Тәртіп сақшылары бірден көмекке ұмтылып, азаматшаның балабақша ауласында екі бетімен құлап жатқанын көреді. Әйел адам есінен танып, денесі тырысып, тілі артқа кетіп, тұншығу қаупі туындаған. Жағдайды дереу бағамдаған полиция қызметкерлері азаматшаны шалқасынан жатқызып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тыныс алу жолдарын ашып, демалуына мүмкіндік жасаған.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі зардап шеккен азаматшаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар оның туыстарына хабар беріліп, сіңілісі оқиға орнына келді.
Полиция қызметкерлерінің жедел шешімі мен кәсіби әрекетінің арқасында азаматша аман қалды. Өмірге араша түскен тәртіп сақшылары – Орал қалалық полиция басқармасының ғимаратты күзету тобының қызметкері, полиция старшинасы Асылхан Мырзағалиев пен Шаған полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция лейтенанты Ғаламат Тогизаков.
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қоғам тыныштығы мен азаматтардың өмірін сақтау жолында қызмет етіп жүрген сақшылардың ерлік ісін жоғары бағалайды және барлық тұрғындарды қиын жағдайда өзгелерге көмектесуге шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале