22.07.2025, 18:00
Оқылды: 129

 Заңсыз әрекеттер анықталды 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының келісуімен «А.Т» ЖШС-нің банкроттық басқарушысы азамат Т-ның банкротқа ұшырауы кезіндегі заңсыз әрекеттері фактісі бойынша тергеу аяқталды.

прокурор

Бұл ретте банкроттық басқарушы азамат Т. кәсіпорынның салық берешегінің барын біле отырып,  құрылтайшы мен үлестес тұлғалардың шотына заңсыз 46 400 000 теңге сомасында ақшалай қаражатты    аудару әрекеттерін жасады.  Қаражат заң қызметтеріне ақы төлеу, пайда болған берешек бойынша талаптарды қанағаттандыру сылтауымен, сондай-ақ құрылтайшыға қалған ақшалай қаражатты қайтару түрімен шығарылды.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ақшалай қаражаттың негізсіз шығарылуы жарамсыз деп танылып, қазіргі уақытта қаражат кәсіпорынның мүліктік массасына қайтарылуда.

Осылайша, банкроттық басқарушы азамат Т. мемлекет алдындағы берешектің барын біле отыра, бюджет алдындағы берешектен жалтару мақсатында, құрылтайшыға көмек көрсетуге тырысқан.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.

 

БҚО бойынша ЭТТД

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале