23.07.2025, 17:15
Оқылды: 364

БҚО-да әлеуметтік осал топтарға баспана берілуі артты

Соңғы екі жылда қалалар мен ауылдық елді мекендерде 59 тұрғын үй салынып, нәтижесінде 132 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – бұл 1449 пәтер. Бұл туралы БҚО әкімдігі  өздерінің Facebook парақшасына жазды.
522798600_18537339334028162_1811632237198223981_n1
Үйлері қауіпті деп танылған азаматтарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазір облыста 871 отбасы баспанаға мұқтаж. Биыл 180 пәтер беріледі.
522225177_18537339298028162_8666860139549735028_n
Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Осы уақыт ішінде Орал қаласы мен облыстың 12 ауданында 15,6 млрд теңгеге 1007 пәтер сатып алынды.
522707930_18537339307028162_5595521704599356866_n
«Мемлекет басшысының ауылдарды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы тұрғын үй салу бағытындағы басымдықты ауылдық жерлерге бұру жөнінде шешім қабылдадым. Нәтижесінде, өткен жылы 805 пәтер, ал биыл 555 пәтерді әлеуметтік осал топтарға тапсыру жоспарланып отыр.
522598362_18537339316028162_8547506978498728097_n
Сонымен қатар, Орал мен Ақсай қалаларында 5 көпқабатты тұрғын үй, ауылдық жерлерде 14 тұрғын үй пайдалануға беріледі»,- деді өңір басшысы «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале