25.07.2025, 11:15
Оқылды: 270

Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғам кепілі

Орал қаласындағы «Самал» туристік лагерінде «AQ JOL» ҚДП БҚО филиалы мен қалалық полиция басқармасының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдерге арналған «Заң мен Зейін – Тәртіп пен Қауіпсіздік күні» атты танымдық іс-шара өтті.

WhatsApp Image 2025-07-25 at 11.30.22

Бұл кездесудің мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен қауіпсіздіктің маңызын түсіндіру және құқық қорғау органдарымен ашық әрі сенімді байланыс орнату.

WhatsApp Image 2025-07-25 at 11.30.21 (1)

Балалар үшін қызықты да маңызды әрі мазмұнды бағдарлама дайындалып тәтті сыйлық табысталды. Олар полиция қызметкерлерімен тілдесіп, арнайы қызметтік көлікпен техникаларымен танысты.

WhatsApp Image 2025-07-25 at 11.30.23

Заң мен тәртіп тақырыбында «АқылBattle» интеллектуалды ойын ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін сынады. Ал «OpenSөz» атты ашық диалог алаңында балалар қалалық ПБ ЖПҚб бастығы, полиция подполковнигі Лесбек Шадияровпен еркін пікір алмасып, қауіпсіздік пен жауапкершілік жайында ой бөлісті.

WhatsApp Image 2025-07-25 at 11.30.31

Заң бар жерде – тәртіп, ал тәртіп бар жерде – қауіпсіздік пен сенім орнайды.

Саясат Жарасов,

«AQ JOL» демократиялық партиясы

БҚО филиалының өкілі 

WhatsApp Image 2025-07-25 at 11.30.29 WhatsApp Image 2025-07-25 at 11.30.20

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале