Бүгін Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті.

- Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды, - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша беріледі.