25.07.2025, 21:00
Оқылды: 368

БҚО-да ақпараттық қауіпсіздік пен цифрландыру мәселелері талқыланды

Батыс Қазақстан облысында цифрлық даму бағытында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде цифрлық инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

0de8e900-ac29-43f3-a43f-eb940e428daf

Осыған орай облысқа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун іссапармен келді. Сапар барысында ол өңір тұрғындарымен кездесіп, министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

d4071c4f-3166-427e-bf70-e5ea7888e4de

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Тұрғындар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, сала бойынша өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Ақпараттық қауіпсіздік – жиында басты назарда болған тақырыптардың бірі болды.

66ecf6e5-8bdc-4ee8-b0d3-f8e630e95864

Сондай-ақ, жиналғандар мемлекеттік қызметшілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Сонымен бірге, жасанды интеллектіні дамыту және отандық үлгісін жасауға деген сұраныстың артып келе жатқаны айтылды. Алайда бұл бастамалар да тікелей ақпараттық қауіпсіздікпен байланысты екені ескерілді.

Вице-министрдің айтуынша, отандық өндірістегі жасанды интеллект жүйесі қазіргі таңда сынақ кезеңінен өтуде. Оның кең көлемде қолданылуына бірнеше техникалық мәселе ғана қалды.

– Ақпараттық қауіпсіздік – қазіргі заманның басты талаптарының бірі. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту тек жаңа технологияларды енгізу емес, сонымен қатар азаматтардың дербес мәліметтерін қорғауға да тікелей байланысты, – деді Дмитрий Мун.

de4522a0-cc94-4619-827f-f719a584bb49

Кездесуде тұрғындарды алаңдатқан байланыс сапасы, цифрлық қызметтердің қолжетімділігі мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері де қозғалды. Бұл бағытта тиісті жұмыстар алдағы уақытта жалғасатыны айтылды.

Бекзат Қанаділ,

zhaikpress.kz
Суреттер автордікі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале