1.08.2025, 9:30
Оқылды: 124

Шыңғырлауда облыстық семинар өтті

Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене-шынықтыру және спорт бөлімі, облыстық Халық шығармашылық орталығы қолдауымен, аудандық мәдени демалыс орталығы ұйымдастыруымен облыстық «20 әдіскер-20 шабыт көзі» тақырыбында семинар бастау алды.

image-31-07-25-10-16-3

Осынау семинарға облыстық Халық шығармашылығы орталығы,  Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей Орда, Бөрлі, Бәйтерек, Жәнібек, Жаңақала, Казталовка, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Сырым аудандарының әдіскерлерлері қатысты. Ауданға келген мәртебелі меймандарды аудан кіре берісінен шыңғырлаулық мәдениет қызметкерлері сән салтанатымен қарсы алып, ауданға келген 16 аруды гүл шоқтарымен қарсылады. Аудан тарихымен таныстыру үшін аудандық музейге апарды. Ауданымыздың тарихынан сыр шертетін құнды мәліметтермен танысқан мәдениет қызметкерлері аудандық саябақта дайындалған іс шараға қатысты. Бұл жерде аудан мәдениетінің халықтық ұжымдарымен танысып, кофе брейк ұйымдастырылды.

image-31-07-25-10-16-5

Мағыналы шараның ашылу салтанатының алғашқы сөзі ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене-шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Олжас Сейтимовке берілді. Құттықтау сөз сөйлеген бөлім басшысы «Осындай бағыттағы семинарлар аудандарда өтуі құп іс, бұл жерде әріптестер өзара іс тәжірибе жинақтап, аудан мәдениетінің дамуына өзіндік үлестерін қосады. Шұғылалы Шыңғырлау еліне қош келдіңіздер!», - деп қайырса, облыстық Халық шығармашылығы орталығы мәдени-демалыс ұйымдастыру бөлімінің басшысы Элмира Ерболқызы шара ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

image-31-07-25-10-16-4 image-31-07-25-10-16

Іс тәжірибе алмасуға келген мәдениет қызметкерлері Дән ауылдық мәдениет үйінде семинарға қатысты.

image-31-07-25-10-16-2

Түстен соң  іс тәжірибелік семинар модернизациядан өткен Ақбұлақ ауылдық мәдениет үйінде жалғасып, ауданымыздың жеті кереметі саналған әлемдегі ең кішкентай Сарқырамада аяқталды. Шын мәнінде осындай тәжірибе алмасу семинары арқылы тиісінше, ауыл мәдениеті мен өнерін дамыту, клубтардың жұмысын уақыт талабына сай түрлендіру, үйірме жұмысын жүйелі жолға келтіру, клуб мамандарының кәсіби деңгейін жетілдіру, клуб жұмысының озық тәжірибедегі жаңа бағыттарын игеру, мамандардың біліктілігін жоғарылату болып табылатынын айта кету қажет.

 

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

image-31-07-25-10-16-11

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале