4.08.2025, 10:30
Оқылды: 220

Ұлттық ұлан – цифрлық жүйеге толықтай көшті

Қазіргі таңда еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын Ұлттық ұланда цифрландыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Әскердің басқару жүйесінен бастап, құжат айналымы мен сарбаздарды даярлау процесіне дейінгі барлық бағыттар бүгінгі күні электронды форматқа көшкен.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 10.29.41

Ұлттық ұланда кіріс және шығыс құжаттар енді қағазбастылықсыз, бірыңғай электронды жүйе арқылы жүзеге асырылады. Бұл тек рәсімдеуді жеделдетіп қана қоймай, ақпараттың құпиялығын сақтауға, басқарушылық шешімдерді тез қабылдауға жол ашып отыр.

Сондай-ақ сарбаздардың оқу жетістіктері, атыс және жауынгерлік даярлықтағы бағалары мен көрсеткіштері де арнайы деректер базасына тіркеліп отырады. Осы жүйенің аясында үздік нәтиже көрсеткен жауынгерлерге жыл соңында “Сарбаз 2.0” бағдарламасы арқылы жоғары білімге тегін гранттар ұсынылады.

Сонымен қатар, әрбір әскери қызметші өзінің дербес компьютерінен Ұлттық ұланның ресми порталына кіріп, жаңа шыққан бұйрықтармен, жаңалықтармен және әдістемелік құжаттармен күнделікті танысып отыру мүмкіндігіне ие.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале