6.08.2025, 16:00
Оқылды: 369

Жұмысшы мамандардың жай-күйі партия назарында: «AMANAT» партиясы хатшысы жұмысшы әйелдермен кездесті

"AMANAT" партиясының хатшысы, партия жанындағы Әйелдер қанаты төрайымы Шолпан Таңатқызы Каринова және Ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің директоры Жанар Әлібекқызы Бектаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар ірі кәсіпорындарда қызмет атқаратын нәзік жандылармен кездесті.

WhatsApp Image 2025-08-06 at 16.32.39 (1)

2025 жыл жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттырып, жастар арасында сұранысқа ие мамандықтарды дәріптеу мақсатында «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп танылды. Бұл бағытта "AMANAT" партиясы ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, тәжірибелік семинарлар, оқытулар мен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып отырған түрлі бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.

WhatsApp Image 2025-08-06 at 16.32.38 (1)

Орал қаласындағы "Зенит" кеме жасау зауыты, "Жайықжылуқуаты" АҚ, "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы", "Желаев" нан өнімдері комбинаты, "Кублей" ЖШС, "Орал трансформатор" зауытындағы кәсіби жұмыстарды ерлермен теңдей атқарып жүрген әйелдермен кездесуде Шолпан Таңатқызы партияның Әйелдер қанаты әркез жұмысшыларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Іс-шараларда әйелдерге қатысты еңбек қатынастарының заңды жүргізілуі, бала күтіміне байланысты декреттік демалыстан шыққан әйелдерге қатысты әлеуметтік кепілді сақтау, кәсіпорынның имиджін қалыптастыруда әйелдердің жұмыс көрсеткішін ескеру тақырыптары қозғалды.

WhatsApp Image 2025-08-06 at 16.32.39

- Қазіргі таңда ірі зауыттарда, кәсіпорындарда, шағын және орта бизнес субъектілерінде қызмет атқарып жүрген әйелдер саны өсіп келеді. Бұл жерде біз әрқашан қай жерде жұмыс атқармасын, әйелдердің жұмыс уақытында, еңбек өтілінде ескерілуі қажет тұстар бар екенін нәзік жандыларға жеткізгіміз келеді. Заң аясында өз құқықтарын білуге шақырамыз. Сол себепті де әртүрлі бағытта қызмет атқаратын ұйымдарды аралап, өз көзімізбен көріп шықтық. Кей мекемелердегі ұжымдық мәдениеттің жоғары деңгейде қалыптасқанын, қызметкерлерге тегін түскі ас, жұмыс киімдері жеткілікті қамтамасыз етілгенін көріп отырмыз. Ұжымдық шарттардың жоғары деңгейде орындалып жатқанынан да куә болдық, әлеуметтік мәселелердің ескерілуі қажет тұстарға тоқталдық, сонымен қатар әйелдер тарапынан ұсыныстарды да тыңдадық. Алдағы уақытта жұмыс жоспарында аталған мәселелерді қарастыратын боламыз деді, - партия хатшысы Шолпан Каринова.

WhatsApp Image 2025-08-06 at 16.32.38

Жұмыс барысында партия хатшысы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясындағы әйелдер ұйымы жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында компания қызметкерлері әйелдер тарапынан Ана мен бала үйіне, балалар ауылына арнайы барып, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыратынын жеткізді. Сонымен қоса ұжым қызметкерлері арасында кәсіби тұрғыда оқытулардан өткен сала мамандары – психолог, қаржы саласы мамандары әлеуметтік осал топтағы жандарға тегін көмек ұйымдастыратыны туралы айтып өтті.

 

Зарина Каирова,

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының

баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале