13.08.2025, 22:00
Оқылды: 87

Жүрекке пайдалы: маман бірнеше өнімді жиі тұтынудың себебін айтты

Жүректің саулығы үшін дұрыс тамақтану өте маңызды. Бұл туралы дәрігер Ольга Уланкина РИАМО басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

121

Сурет: massaget.kz

Оның пікірінше, жүректі қорғайтын бірде-бір "сиқырлы" өнім жоқ. Десе де кейбір өнімдер өз пайдасын тигізеді.

 "Күніне кемінде 500 грамм көкөніс, балықтан, жаңғақтан, өсімдік майларынан алынған пайдалы майлар және ақуыздың қалыпты мөлшерін тұтыну керек", - деп түсіндірді ол.

Ольга Уланкинаның сөзінше, тамырдың қабынуын азайтуға көмектесетін Омега-3 қышқылы жүрекке ең пайдалы заттар қатарында. Маман ол майлы теңіз балықтарында (лосось, скумбрия, сардина) бар екенін айтты. Сонымен қатар, магний мен Е дәрумені де жүрек саулығы үшін өте маңызды.

Еске салайық, бұған дейін жүрек ауруының белгілері айтылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале