14.08.2025, 12:45
Оқылды: 150

Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасын жеңіп, АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Цинциннатида (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп жазады olympic.kz.
1755147636 (1)
Сурет: olympic.kz
Төртінші айналымдағы матчта қазақстандық спортшы әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын америкалық Мэдисон Кизді 6:7 (3:7), 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Кездесу 2 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 14 брейк-пойнттың алтауын тиімді пайдаланды.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы беларусьтік Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале