15.08.2025, 15:30
Оқылды: 144

Казталовта “Мен оқыған 30 кітап” байқауының алғашқы кезең» басталды

Казталов аудандық А.Оразбаева мектебінің акт залы бұл күні ерекше бір рухани мерекеге айналды. Себебі дәстүрлі түрде өткізілетін «Мен оқыған 30 кітап» атты аудандық байқауының ашылу салтанаты өтті. Жиынға оқырман қауым, ұстаздар, ата-аналар және жас кітапқұмарлар жиналды.

FB_IMG_1755242220445

Биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бұл байқау жыл өткен сайын оқушылардың қызығушылығын арттыра түсуде. Өткен жылдардағыдай, биыл да аудан мектептерінен қатысушылардың саны артып отыр. Бұл кітап оқуға деген құштарлықтың айқын көрінісі.

FB_IMG_1755242215722

Байқаудың мақсаты – жасөспірімдер арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетті насихаттау, талантты жастарды таныту. Қатысушылар 5-11 аралығындағы оқушылар. Алғашқы кезеңде олар туған өлке, көркем әдебиет, авторлар өмірі жайлы сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімін сынайтын болады.

FB_IMG_1755242208793

Қазылар алқасының төрағасы аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Қуанышбек Абдоллаұлы Ахынбасов, аудан әкімінің көмекшісі Асылбек Нәсипқалиұлы Байғазиев және Қараоба ауылдық моделді кітапханасының меңгерушісі Лаура Әділетқызы Бердіғалиева сынды кітап жанашырлары бар.

FB_IMG_1755242226410

Рухани шарада аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы жас оқырмандарға сәттілік тілеп, осындай рухани шаралар ұрпақ тәрбиесінде айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

Кітап тек қағазға түскен сөздер жиынтығы емес, ол адамның жан дүниесін байытатын рухани азық. Бұл байқауға қатысқан әрбір жас болашақта елінің білімді, парасатты азаматы болуға бір қадам жасады.

FB_IMG_1755242211719

Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың бойына кітапқа деген сүйіспеншілікті ұялатып, ой-өрісін кеңейтуге үлес қоса берері сөзсіз.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале