19.08.2025, 11:45
Оқылды: 646

Тосынсыйы бар шай: БҚО-да колонияға тыйым салынған зат жеткізу әрекеті тоқтатылды

Батыс Қазақстан облысында №28 мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, жазасын өтеушіге тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті.

колония чай 1
Тексеру барысында Gold Kenya Sunset шай демдемесі қаптамаларының ішінен қою жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 19 түйіншек табылды.

02
Оқиға орнына Орал қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келді.
Тыйым салынған заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 

Дереккөзі: ҚР Ұлттық ұланы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале