Шыңғырлау - шекарада тұрған аудан. Өз облысымызды санамағанда Ресейдің де кейбір аудандарымен шектеседі.

Елек бойын жайлаған елдің ардагер шекарашылары өз мерекелерін атап өту мақсатында интернационал-жауынгерлер саябағына жиналды.

Жауынгерлер ел үшін қаза тапқандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Осыдан соң автошеру басталып, машиналар тізбегі аудан орталығы көшелерімен жүріп өтті. Машиналар шеруін тамашалап тұрған кішкентай балалардың қолдарын шекелеріне қойып құрмет көрсетулері ерекше сезімге бөледі. Еліміздің аспаны ашық болып, бейбіт аспанымызда ақ көгершін қалықтай бергей.
Адақ Танабайұлы,
Шыңғырлау ауданы