25.08.2025, 16:30
Оқылды: 268

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Орал қалалық Мансап орталығында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025-08-25 at 15.36.56 (2)

Шараның мақсаты – жас мамандарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету, мемлекеттік және жеке сектор өкілдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беру.

Жәрмеңкеге Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдері қатысып, мемлекеттік қызметке түсу мен оны өткеру, мемлекеттік қызметке енгізілген өзгерістер, соның ішінде конкурстық іріктеудің жаңа тәсілдері туралы ақпарат берілді.

Іс-шара барысында түлектер тікелей жұмыс берушілермен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру, жұмысқа орналасу ережелері, сұхбаттасу әдістері бойынша кеңестер ұсынылды.

WhatsApp Image 2025-08-25 at 15.36.56 (1) (1)

Бос лауазымдар жәрмеңкесі – жастарды еңбек нарығына бейімдеудің тиімді алаңы. Мұндай іс-шаралар жастарға нақты жұмыс орындарымен танысып, кәсіби ортаға сенімді қадам жасауына жол ашады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале