
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Айтуынша, қаржы реттеушісі несиелеу нарығында кредиттік нарықтағы шамадан тыс қызуды тежеуді жоспарлап отыр.
- Қарыз жүктемесінің коэффициенті мен қарыздың табысқа қатынасы сияқты өзге де құралдар енгізілуде. Бұл тұтынушылық несиелеу сегментіндегі қызып кетуді төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ агенттік қарыз алушыларды, әсіресе несиелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарды неғұрлым қатаң бағалау шараларын енгізуді жоспарлап отыр, - деп атап өтті Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында.