22.12.2016, 16:00
Оқылды: 82

Өзбек азаматтарын Ресейге асырмақ болған

%d3%a9zbek-azamattaryn-resejge-asyrma%d2%9b-bol%d2%93an-oraldy%d2%9b-t%d2%b1r%d2%93ynny%d2%a3-bostandy%d2%93y-shekteldi  Орал қалалық сотының үкімімен Өзбекстан азаматтарының Ресей аумағына өтуін заңсыз ұйымдастырған И.Шведюк ҚР ҚК 394-бабы 2-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығы шектелді.


  БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын тергеу барысында анықталмаған адамдармен сөз байласып, биылғы 18 сәуір күні Өзбекстан азаматтары Т.Иноятов, З.Тәжібаева, Т.Ергашев, Ш.Тошмирзоев және А.Усмоновты Зеленов ауданындағы Қазақстан шекарасына дейін жеткізген. Содан кейін Қазақстан азаматтары И.Ермешев пен М.Дьяконов аталған адамдарды Орынбор облысы Первомай ауданына шекара арқылы өткізген.

  Алайда 19 сәуір күні олардың барлығы Ресей федеральдық қауіпсіздік қызметі шекара жасағы қызметкерлерінің қолына түскен. Сот үкім шығарған кезде И.Шведюктің орта дәрежелі деп бағаланған қылмысқа бірінші рет барғандығын ескерді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале