8.09.2025, 16:38
Оқылды: 323

Болашағымызды айқындайтын жолдау

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат.

IMG-20250908-WA0039

Президентіміз атап өткендей, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізу – ұстаздар қауымы үшін үлкен мүмкіндік әрі зор жауапкершілік. Өйткені білім саласында цифрлық әдістерді тиімді қолдану оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың заманауи талаптарға сай бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына жол ашады.

Ұстаз ретінде мен үшін ең қымбат дүние – жас ұрпақтың болашағы. Жолдаудағы білім сапасын арттыруға, цифрлық сауаттылықты дамытуға бағытталған бастамалар – шәкірттеріміздің жаңа дәуірде өз орнын табуына берік негіз болатынына сенемін.

Ұстаздар қауымы Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, жасанды интеллект дәуірінде ұрпаққа сапалы білім мен дұрыс тәрбие беруді өздерінің басты міндеті деп санайды.

Хайрушев Нұрлан Әділбекұлы,

Казталов ауданы Казтало мектеп-лицейінің директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале