Көп балалы аналарды қолдау – ел болашағына салынған инвестиция. Осы орайда аудан әкімі Асланбек Сарқұлов алтын құрсақты ана, Қарасу ауылдық округінің тұрғыны Бұлбұл Артықоваға ҚР Президентінің №949 Жарлығына сәйкес "Алтын алқа" мемлекеттік наградасын салтанатты түрде табыстады.
Отбасы күні қарсаңында өткен марапаттау рәсімі барысында аудан басшысы ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбегін атап өтіп, алтын құрсақты ана атанған Бұлбұл Артықованы "Алтын алқа" иегері атануымен шын жүректен құттықтап, денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тіледі. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көрсетіліп жатқан қолдау мен қамқорлық әрдайым жалғасын табатынын айтты.
Бұлбұл Артықова аудан басшысы Асланбек Сарқұловқа шынайы ризашылығын білдіріп:
- Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан бұл құрмет – бізге үлкен қуаныш әрі жауапкершілік. Балаларымның амандығы мен елдің тыныштығы – мен үшін ең үлкен бақыт, — деп алғысын жеткізді.
Казталов ауданы