11.09.2025, 12:30
Оқылды: 288

Президент Жолдауы хақында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауы – жаңа заманның сын-қатерлерін айқын сезінген, ұлттың болашаққа деген бағдарын айқындайтын тарихи құжат. Мемлекет басшысы жаһандық тұрақсыздық пен геосаяси дағдарыстарды атап өте отырып, Қазақстанның бағыты – тұрақтылық, әділеттілік және цифрлық серпіліс екенін көрсетті.

WhatsApp Image 2025-09-10 at 11.08.32

Жолдаудағы негізгі мән – жасанды интеллектіні өмірдің барлық саласына енгізу арқылы елді жаңғырту. Бұл қадам тек технологиялық емес, саяси да шешім. Өйткені жаңа дәуірде мемлекет қуаты тек қазба байлықпен емес, ақпарат пен ғылымға негізделген экономиканың қуатымен өлшенеді. Президенттің «үш жыл ішінде Қазақстан жаппай цифрлық елге айналуы тиіс» деген тұжырымы – уақыт талабына берілген батыл жауап.

Әсіресе ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарына қатысты айтылған ойлар – ұлттың тамыры мен тірегін сақтап, оны жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Жерді әділ пайдалану, игерілмей жатқан алқаптарды ел игілігіне беру – бұл әділетті Қазақстан идеясының айқын көрінісі. Ал агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, агрохабтар құру, ұлттық өнімді әлемдік нарыққа шығару – ауылды берекенің ордасына айналдырудың кепілі.

Саяси тұрғыдан алғанда, Жолдау – жаңару мен жауапкершіліктің үндестігі. Ол қоғамды жаңғыртудың тек экономикалық емес, рухани сипатын да айқындап берді. Жасанды интеллект дәуірінде ұлттық мүддені қорғау үшін білімді ұрпақ, әділ жүйе, жауапты билік қажет. Президент осы үш тағанды айқындап берді.

Жолдауда көтерілген тағы бір маңызды мәселе – бір палаталы Парламентке көшу бастамасы. Бұл модель шешім қабылдаудың тиімділігін арттырып, заң шығару үдерісін жеделдетеді. Бір палаталы жүйе халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, Парламенттің жауапкершілігін арттырады деп сенемін.

Жолдау – «бұлыңғыр заманда жол көрсеткен шамшырақ», «қазақ елін жаңа дәуірдің қақпасына бастап кірген тағдырлы үндеу» іспеттес.

Асылбек Байғазиев,
Казталов ауданы әкімінің көмекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале