11.09.2025, 16:00
Оқылды: 290

Жүректі  тербеген қойылым

Қазіргі таңда рухани құндылықтар мен отбасылық бірлік тақырыбы өзекті болып қала бермек. Осыған орай, отбасы күніне орай аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған "Жаңақала" театр ұжымы сахналаған "Туған күніңізбен, анашым!" атты спектакль көрерменге ерекше әсер сыйлады.
image-11-09-25-10-23
Бұл қойылым жас режиссер Жалғас Қуанышқалиевтың тырнақалды туындысы. Бақдаулет рөліндегі Ақниет Жайлыбайұлы, Сырым рөліндегі Данат Дәулетұлы, Ердәулет рөліндегі Жалғас Абайұлы кейіпкерлерді ерекше сомдапхалық жүрегінен орын алдыБұл туындының басты желісі – үш ағайындының аналарының туған күніне орай тосынсый дайындау сәтінен бастау алады. Қарапайым отбасылық оқиға аясында кейіпкерлердің шынайы мінез-құлқы, бір-біріне деген ішкі сезімі, өкпе-наздары мен сағынышы көрініс табады. Көрермен олардың қуанышы мен өкінішін, күресі мен үмітін бірге сезінеді.
Қойылымның негізгі мақсаты – отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың, бауырмалдық пен мейірімнің маңыздылығын айшықтау. Көрініс арқылы әр көрермен өз өмірін ой елегінен өткізіп, жақындарына деген қарым-қатынасына басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алады.
image-11-09-25-10-23-2
Режиссерлік шешімнің шеберлігі мен актерлердің табиғи ойыны көрерменді шынайы өмір көрінісіне ендіріп, ерекше әсерге бөлейді. Бұл шығармашылық еңбекке атсалысқан аудан өнерпаздарының еңбегі зор. Олардың кәсіби шеберлігі мен өнерге деген махаббатының нәтижесінде "Туған күніңізбен, анашым!" спектаклі көпшіліктің көңілінен шығып, рухани құндылықтарды насихаттауда маңызы зор туындыға айналды. Аталмыш қойылым шығармашылық ұжымы үшін шабыт көзі. Алдағы уақытта жас режиссердің тың туындылары қазақ сахнасын байыта беретініне сенім мол.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале