12.09.2025, 9:45
Оқылды: 105

Бір жыл ішінде колледждер мен бизнес арасындағы келісімдер саны 8 есеге артты

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі айтарлықтай алға қадам басты. Трансформацияның негізгі тетіктерінің бірі – колледждерге кәсіпорындардың шефтік қолдау көрсетуі болды, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
_gluster_2025_9_12_6af004e5e1bcc4390657c55a10803b64_1280x720
Сурет: gov.kz

Егер өткен жылы колледждер мен бизнес арасындағы келісімдер саны 498 болса, бүгінде ол 4,1 мыңнан асты, яғни 8 есеге өсті. Бұл серіктестікке ірі, шағын бизнес өкілдері белсенді қатысуда.

Шефтік қолдаудың көмегімен колледждердің материалдық-техникалық базасы мен білім беру бағдарламалары сұранысқа сай жаңартылып, студенттер мен оқытушыларға арналған тағылымдамалар ұйымдастырылды.

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде бизнеспен әріптестік белсенді түрде нығайып келеді. Жұмыс берушілер 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысты, сонымен қатар оқу кабинеттері мен зертханалар жаңартылуда», – деп атап өтті департамент директоры Әсет Мұханбетов.

Айта кету керек, бүгінде 100 мыңнан астам студент дуальды жүйемен оқиды, 40 мыңнан астамы кәсіпорындардың тапсырысы бойынша білім алуда, оның ішінде 15 мыңы биылғы оқу жылында қабылданған.

Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің бірі – түлектердің жұмысқа орналасу деңгейінің артуы. 2024 жылы колледж түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 81%-ға жетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале