13.09.2025, 9:00
Оқылды: 243

Жаңақала ауданы Мәстексай ауылында аудандық отбасы фестивалі өтті

Бүгін Мәстексай ауылдық мәдениет үйі және Мұқыр ауылдық клубының ұйымдастыруымен отбасы күні қарсаңында «Отбасы – бақыт мекені» аудандық отбасы фестивалі өтті.

image-12-09-25-09-52

Аталмыш шараға ауылдық округтерден өнерлі, жас жанұялар қатысты. 4 бөлімнен құралған байқауда үміткерлер алдымен өздерін таныстырса, 2-кезеңде өнерлерін ортаға салды. "Зерделі жанұя" деп аталатын 3-бөлімде отбасыларға қызықты сұрақтар қойылды. Соңғы кезеңде әр қатысушы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында үйден дайындап алып келген бұйымдарымен сынға түсті.
Байқау барысында барлық отбасы белсене қатысып, көрермен көзайымына айналды. Олар арнайы номинация бойынша марапатталып, естелік сыйлыққа ие болды.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале