«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындарында өңір намысын қорғап жатқан облыс футболшылары топтағы екінші матчын өткізді.

Ұлытау облысының командасына қарсы өткен ойында Алтынбек Бижанов, Ернұр Ержан, Мәжит Асхат бір голдан соқса, Рысбек Қоңыров хет-трик орындады. Қорытынды есепте 6-2 есебімен облыс командасы жеңіске жетті.

Енді футболшылар топтағы шешуші матчты Жетісу облысының ойыншыларына қарсы өткізеді.

Бұған дейін волейболшылар Алматы облысының командасынан басым болды.
Түгелбай Бисен
«Орал өңірі»