14.09.2025, 16:00
Оқылды: 636

«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындарында Рүстем Қойбағаров күміс жүлдегер атанды

«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындарында өңір намысын қорғап жатқан спортшылар арасында аударыспақ шеберлері сәтті өнер көрсетіп жатыр. Жарыстың екінші күні 80, 87, 94, 100 және +100 келі тартатын ат үстіндегі палуандар медаль таласына түсті.

photo-output

Нәтижесінде 94 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Рүстем Қойбағаров финалға дейін жетті. Өкінішке орай, ақтық сында Алматы облысының палуанымен болған жекпе-жекте сәл ғана сәттілік жетіспей, күміс медаль иегері атанды.

- Ақтөбе, Түркістан облысының палуандарымен белдестім. Мұндай үлкен сайыста жеңіл қарсылас болмайды. Финалда белдесуге дейін барғанбыз. Өкінішке орай, сәттілік қарсыласымның жағында болды. Алдағы додаларда жеңіске жету үшін барымды саламын,- деді Рүстем палуан.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале